Ер адам дәмхана ішінде әйелі мен қызын атып өлтірді
Дағыстанның Хасавюрт қаласындағы дәмханалардың бірінде ер адам бұрынғы зайыбы мен 23 жастағы қызына оқ атып, екеуі де көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Мәліметке сәйкес, ер адам дәмханаға бұрынғы жұбайы мен қызы отырған жерге арнайы келген. Сол жерде туындаған жанжал барысында ол екі әйелге қарудан оқ жаудырған. Анасы алған жарақаттарынан оқиға орнында тіл тартпай кетсе, ауыр оқ тиген бойжеткен ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады. Ерлі-зайыптының артында кәмелетке толмаған 5 баласы қалды.
Алдын ала болжам бойынша, бұрынғы жұбайлар арасындағы дау ажырасқаннан кейін балалармен кездесу тәртібіне келісе алмаудан туындаған.
Қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, оған қатысты кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
17:20
Ақтөбе облысында жұмыс кезінде күйік алған темі...
24.10.2026
16:15
Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш ә...
24.10.2026
15:28
Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда ...
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...
24.10.2026
14:11
Атырау тергеу изоляторында жаппай наразылық бол...
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды