Ерболат Жанабыловтың соты жабық өтуде: Блогерді қандай жаза күтіп тұр?

01.10.2026 • 18:19 Қарақат АСЫЛОВА
Ерболат Жанабыловтың соты жабық өтуде: Блогерді қандай жаза күтіп тұр?
7
Фото: Tengrinews.kz

Астанада блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты әкімшілік іс бойынша сот отырысы басталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Процестің алғашқы минуттарында блогер мен оның жұбайы Эльмира Төлегенова сотты БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз өткізуді сұрады.

Ерболат Жанабылов сот барысында жеке өмірі мен отбасылық қарым-қатынасына қатысты мәселелер талқыланатынын айтып, журналистердің залда болуына және өзін түсіруге қарсылық білдірді. Эльмира Төлегенова да жұбайының өтінішін қолдады.

Сот тараптардың өтінішін қанағаттандырып, сот процесін жабық режимде өткізу туралы шешім қабылдады. Осыдан кейін БАҚ өкілдері сот залынан шығарылды.

Еске салайық, бұған дейін ерлі-зайыптының арасында жанжал болғаны хабарланған еді. Эльмира әлеуметтік желіде гардероб бөлмесіне кіріп, есікті ішінен жауып алған сәтінен видео жариялаған. Оның айтуынша, күйеуі телефонын алып, жарияланған стористерді өшіруге әрекет жасаған.

Полиция ерлі-зайыпты арасында ауызша жанжал болғанын мәлімдеді. Кейін Эльмира Төлегенова арыз жазудан бас тартып, күйеуінің қол көтермегенін айтқан.

Соған қарамастан, Ерболат Жанабыловқа отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Іс бойынша блогерге ескерту жасалуы немесе 20 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар тағайындалуы мүмкін. Сондай-ақ ең қатаң жаза ретінде 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған.

Войдите, чтобы оставить комментарий