Ерейментауда жасөспірім бозкілем үстінде ауыр жарақат алды

Ерейментауда жасөспірім бозкілем үстінде ауыр жарақат алды
08.09.2025 15:30
0
136
Фото: Видеодан кадр

Ерейментауда қазақ күресінен Перуаш Кәрімұлының құрметіне өткен республикалық жарыста оқыс оқиға болып, жасөспірім ауыр жарақаттанды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Ақтөбеден келген 15 жастағы балуанды қарсыласы кілемге жайсыз лақтырып жіберді. Жарыста кезекшілікте жүрген аурухана дәрігері дереу көмек көрсетті. 

Жасөспірім боз кілемнің үстінде клиникалық өлім күйін кешті. Спортшы Ерейментау аудандық ауруханасына шұғыл түрде жатқызылды. Дәрігерлер жанама массаж, адреналин, дефебреллация жасады. Содан кейін жасөспірімнің жағдайы жақсарды. Науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Кейін оны елордалық ауруханаға тасымалдау туралы шешім қабылданды.

«7 қыркүйекте Ерейментау ауданының аумағында қазақша күрестен жарыс өткізу барысында Ақтөбе қаласының 15 жастағы тұрғыны ауыр жарақат алды. Осы факті бойынша полиция органдары қылмыстық іс қозғады», деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий