Ерке Есмахан болашақ баласының жынысын айтты

Танымал әнші Ерке Есмахан жүктілігінің қалай өтіп жатқанын айтып берді.
Өнер иесі үшінші сәбиін дүниеге әкелуді жоспарлап жүр.
“Тәбетім ашылып жүр. 6 келі қостым. Үйде отырып, боянатын заттарымды жинап жатырмын. Қос-қостан ала беріппін. Елде сатылмайтын опа-далаптарды Париж бен Италиядан алып келдім. Жап-жаңа ашылмаған күйде тұрғандары бар. Босанып алғаннан кейін қайтадан сахнаға шығамын. Оған дейін ашылмай тұрады. Болашақта қызым менің боянатын заттарымды менсінбейтін шығар”, – деп жазды әнші.
Еске салайық, жақында өнер иесі отбасындағы сүйінші жаңалықты жариялаған еді.
“Сүйінші! Аллаға сансыз шүкір! Маған қазақтың санын, Райымбектің ұрпағын көбейту бұйырыпты. Алла тіл көзден сақтасын. Әр отбасында сәбидің күлкісі естілсін”, – деп жақсы жаңалығын бөлісті эстрада жұлдызы.
Соңғы жаңалықтар





