Еркектің мықтылығы тек ақша табуында емес – Айнұр Тұрсынбаева

20.11.2025 08:37 Берік Арманов
Еркектің мықтылығы тек ақша табуында емес – Айнұр Тұрсынбаева
0
140
Фото: видеодан кадр

Айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желіде күйеуінен гүл алған сәтінде түсірілген бейнежазба жариялап, нағыз ер-азамат қандай болу керегін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

«Отбасының тірегі-еркек! Тірек әлсіз болса шаңырақ құлайды. Еркектің еркектігі айқайлауында немесе тек ақша табуында емес, қорған бола білуінде! Қорған болу-қорғау! Қорғау дегеніміз жаудан қорғау емес. Әйелінің көңіл-күйін, балаларының тәтті ұйқысын қорғау керек. Отбасының намысын қорғау керек! Отбасы-аманат! Аманатты иесіне қайтарғанда ұялмайтындай болу керек. «Мүміндердің иман жағынан ең кәмілі – көркем мінезде ең жақсысы, ал сендердің ең жақсыларың – жұбайларыңмен жақсы қарым-қатынаста болғандарың», – деген пайғамбарымыз с.а.у.», – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий