Ерлан Қарин: Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді білу міндетті

 Ерлан Қарин: Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді білу міндетті
26.05.2025 14:24
0
240
Фото: Ortcom.kz

Енді Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді білу – міндет. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Отырыс барысында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығару мәселелері қаралды. Мемлекеттік кеңесші жаңа ережелерді жиналған азаматтарға егжей-тегжейлі түсіндірді.

«Тура бір жыл бұрын 2024 жылы 16 мамырда Мемлекет басшысы арнайы заңға қол қойған болатын. Бұл құжатқа сәйкес, азаматтық алу және оны қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тіл, Конституция негіздері және Қазақстан тарихы бойынша тест тапсыру қажет. Мұндай жүйені енгізу мемлекетке, төл тарихымызға және ана тілімізге құрметпен қарауға, сондай-ақ азаматтық жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді», – деді Ерлан Қарин.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий