Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті
313
Сүңгуірлер суға батқан азаматты кешеден бері іздеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, ол кеме палубасынан суға құлап кеткен.
Қайғылы оқиға туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кеме «Қазақстан су жолдары» РМКК-ға тиесілі болған. Болжам бойынша, кеме капитаны палуба үстінде тұрғанда өзенге құлап, батып кеткен.«8 мамыр күні сағат 23.25-те Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайларын басқару басқармасына 102 операторынан Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті деген хабар түсті. Оқиға Аққулы ауданының Шабар ауылы маңында болған. 9 мамырда оқиға орнына 4 сүңгуірші жіберілді. Бір тәулікте іздеу жұмыстары нәтиже бермеді. Іздестіру жұмыстарын су деңгейінің көтерілуі, қатты жел мен өзен ағыны қиындатып отыр. Ертең таң атысымен сүңгуірлер іздеу-құтқару жұмыстарын қайта жалғастыратын болады»,- деп хабарлады департаменттен.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...