«Ешкімді үгіттемеймін»: Балжан Бидаш ажырасу туралы ойын айтты

03.03.2025 18:18 Берік Арманов
«Ешкімді үгіттемеймін»: Балжан Бидаш ажырасу туралы ойын айтты
403
instagram.com/bidash_official

Танымал әнші Балжан Бидаш жеке өміріне қатысты мәселенің басын ашты.

Кейде ойларым мен сезімдерімнің тереңдігін оқырмандарыма бөліскім келеді. Бірақ өзімді бір шектеу ұстап тұрғандай сезінемін. Шынайы ашылу керек пе, әлде құпияны сақтаған дұрыс па?! Осы сұрақ мені жиі толғандырады. Сіздер қалай ойлайсыздар? деді ол.

Сондай-ақ ол ажырасуына қатысты да ойын айтты.  

Көп адам менің ажырасуыма қатысты шындықты білгісі келеді. Ең бірінші, өзіңді жақсы көруің керек. Өз қалауыңды айтып, келісімді түрде шешім болуы керек. Мен конфликтіні ұнатпаймын. Сол үшін де үнсіз шыдадым. Ол дүние менің денсаулығыма әсер етті. Қазір мен шексіз бақыттымын. Ол адамнан кеткеннен кейін бірден шығармашылығымды қолға алдым. Депрессияға түсетін уақыт болмады. Ажырасуға ешкімді үгіттемеймін. Оған өзім де қарсымын. Әр отбасының бақытты болғанын қалаймын. Менің отбасым – ата-анам, бауырларым, жаңа отбасым – болашақта, деп қосты ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий