Есірткімен ұсталған әнші Қаракесекке қатысты ақпарат шықты

18.09.2025 19:01 Берік Арманов Берік Арманов
Есірткімен ұсталған әнші Қаракесекке қатысты ақпарат шықты
0
386
Фото: видеодан скрин

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов белгілі қазақстандық рэпер Qarakesek-тің ұсталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қыркүйек айының басында Ақтөбе полициясы 31 жастағы рэп-орындаушыны есірткілік мас күйінде ұстағаны белгілі болды. Кейін ұсталған адамның танымал әнші Qarakesek (шын аты – Омар Амантаев) екені анықталды.

Полицияның мәліметінше, ол ұсталған кезде автокөліктің рөлінде отырған. Жеке тінту барысында одан ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл – синтетикалық есірткі.

Медициналық тексеру рэпердің есірткілік мас күйде болғанын растады. Сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылды.

Бауыржан Аленовтың айтуынша, Qarakesek әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Сот санкциясымен қамауға алынды, жазасын өтеп шықты. Осыдан кейін ол босатылады. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді ол.

Амантаев қандай бап бойынша жазаланғанын вице-министр нақтыламады. Дегенмен, Қазақстанда есірткі сақтау Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке жатады. Сондықтан рэпер әкімшілік қамауды, болжам бойынша, мас күйде көлік жүргізгені үшін алған болуы мүмкін.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий