Эстарда жұлдыздары Қызылорда облысының әкімін жер-көкке сыйғызбай мақтады 

22.01.2026 11:07 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Эстарда жұлдыздары Қызылорда облысының әкімін жер-көкке сыйғызбай мақтады 
349
Коллаж: Politico.kz

Кәсіпкер Әділет Байнашев Қызылордаға барған танымал әншілер Қайрат Нұртас, Тоқтар Серіков, Мәдина Сәдуақасованың видеосын жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

«Мен сырттан келген қонақтарды өте көп күтемін, барлығы қаламыздың қарқынды дамып жатқанына таңқалады… Сізге рақмет, Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев!» — деп жазды кәсіпкер.

Кәсіпкер жариялаған видеодан әншілердің Қызылорда көркіне тамсанып, өңір басшысына риза болғанын болады.

«Қызылорда қатты жайнап кетті. Нұрлыбек Машбекұлы Қызылорданы жайнатып жіберген», — дейді Қайрат Нұртас.

Әншінің сөзіне Мәдина Сәдуақасова да қосыла кетіп, қаланың жайқалып келе жатқанын айтты.

Видеоның тағы бір үзіндісінде Тоқтар Серіковтің әкімді мақтай жөнелгенін көруге болады.

«Туа біткен әкім ғой. Өз елін, жерін сүйетін әкім болса, сол ғой», - деп атап өтті Тоқтар Серіков.

Еске сала кетейік, Қызылодада өткен Ұлттық құрылтай отырысында Тоқаев та өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың жұмысына риза болып, мақтаған еді.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий