"Ет алуға кеткен": Мәйіттері табылған ерлі-зайыпты туралы тың дерек шықты
4976
Ақтөбе із-түссіз жоғалып кетіп, артынша мәйіттері табылған ерлі-зайыптың өліміне қатысты тың деректер пайда болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Марқұмдардың туыстарының айтуынша, 20 қараша күні ерлі-зайыптылар өз көліктерімен азық-түлік алуға дүкенге шыққан.
“Олар ет алуға шықты да, жоғалып кетті. Кешке осындай жағдай болғанын естідік. Осы жаңалықтан кейін әкелері төсек тартып жатып қалды. Не болғанын біз де білмейміз. Енді тергеу анықтайды”, – дейді туыстарының бірі.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиғаға қызғаныш себеп болуы мүмкін.
Көршілердің айтуынша, көпбалалы отбасы тату-тәтті өмір сүрген, ерлі-зайыптылар бірге шамамен 15–16 жыл тұрған.
“Олар осы жерде көптен бері тұрады. Ешқашан жаман сөз естіген емеспіз. Бір-бірімен тату-тәтті тұрды. Кіші баласы әлі бір жасқа да толған жоқ, үлкендері мектепте оқиды”, – дейді көршілері.
Марқұмдардың артында бес бала қалды. Балалар оқитын мектеп басшылығы да отбасыда ешқандай мәселе болмағаны айтады.
“Үлкен көпбалалы отбасы еді. Бес бала. Төртеуі бізде оқиды — екінші, төртінші, алтыншы және оныншы сыныптарда. Оқу үлгерімі керемет. Ата-аналары әрдайым жиналыстарға қатысып отырды. Кеше әлеуметтік желілерде олардың іздестіріліп жатқанын көрдік. Ешқашан шағым болған емес. Не болғанын түсіне алмай отырмыз”, – дейді мектеп директоры Ғазиз Қаламов.
Соңғы жаңалықтар
22.08.2026
17:14
Алматыдағы MEGA-да өрт шықты: Адамдарды эва...
22.08.2026
16:21
Мүгедек балаларға жиналған ақшаны ұрлаған ер ад...
22.08.2026
15:27
«Келінді керіліп тұрып жұмсайық»: Тойдағы әжейд...
22.08.2026
14:18
«Жалғыз қызым еді»: Абай облысында қаза тапқан ...
22.08.2026
13:49
Бектенов үкіметінің батыл шешімдері өз жемісін ...
22.08.2026
13:22
Алакөлде жоғалып кеткен 44 жастағы ер адамның д...