Exit poll нәтижесі бойынша жаңа Конституцияны қабылдауды қолдап қанша адам дауыс берді?

16.03.2026 00:31 Әсел Мұрат
 Exit poll нәтижесі бойынша жаңа Конституцияны қабылдауды қолдап қанша адам дауыс берді?
33
Фото: ашық дереккөз

Еуразиялық интеграция институты «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша республикалық референдумға қатысты экзитпол нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

«Еуразиялық интеграция институты» зерттеу компаниясының экзитпол нәтижелеріне сәйкес, республикалық референдумға қатысқан азаматтардың 86,7%-ы Конституцияға ұсынылған өзгерістерді қолдаған.

Институт Қазақстанның 17 облысында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында референдум учаскелерінен шыққан азаматтар арасында экзитпол сауалнамасын жүргізді.

Сауалнама 200 референдум учаскесін қамтыды. Оның ішінде 129-ы қалаларда, 71-і ауылдық елді мекендерде орналасқан. Жалпы зерттеуге 30 мың респондент қатысты. Сауалнама арнайы дайындықтан өткен интервьюерлер тарапынан face-to-face (бетпе-бет) әдісі арқылы жүргізілді.

Зерттеу нәтижесінің қателік шегі 1%-дан аспайды. Күні бойы 7 сауалнама жүргізілген.

Учаскеден шыққан респонденттерге: «Жаңа Конституцияны қабылдайсыз ба?» деген сұраққа қандай жауап нұсқасын таңдадыңыз?» деген сұрақ қойылды.

Ал «СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты өткізген Еxit-poll қорытындысы бойынша, дауыс берген қатысушылардың 87,4%-ы жаңа Конституция жобасында қарастырылған өзгерістерді қолдағанын мәлімдеген.

«AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты жүргізген exit-poll нәтижесіне сәйкес, республикалық референдумға қатысып, дауыс берген азаматтардың 88,6 %-ы Жаңа Конституцияны қолдаған.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий