FlyArystan 12 жасар қыз баланы ұшаққа отырғызбай, әуежайға жалғыз қалдырып кеткен
443
Қазақстандық әйел FlyArystan әуе компаниясының әрекетіне шағымданып, эмоционалды жазба жариялады. Ол компания қызметкерлерінің орынсыз әрекетінен 12 жасар қызы қолында бар билетіне қарамастан, Астанада жалғыз қалғанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Қазақстандық әйел Жазира Instagram парақшасында балаларының АҚШ-тан арнайы топпен және жауапты адаммен қайтып келе жатқаны туралы жазба жариялады. Жоспар бойынша Астанаға жеткен соң Оралға қайтуы керек болатын.
«FlyArystan баламды әуежайда орынсыз қалдырып кетті. 2024 жылдың 20 шілдесінде балаларым (егіз) Зере мен Зәуре Америкадан үйге оралды. Бір топ балалармен бірге сенімді адамның қарауымен Астана арқылы Оралға ұшты», - деді ол.
Айтуынша, компания Зәурені тіркегенмен, Зере ұшатындардың тізіміне ілікпеген.
«Жауапты адамға техникалық ақауларды жойғаннан кейін Зерені өздері отырғызып жіберетінін айтқан. Осылайша жауапты адамды алдаған. Ал балаларымның құжаты дұрыс болатын. Қызметкерлер бортта орын саны жетпегеннен кейін осындай қадамға барған болуы мүмкін бе? Зере Астана әуежайында қараусыз жалғыз қалған!» – деп ашуланды ол.
Жазираның айтуынша, Зерені Астана әуежайында ешкім қарамаған.
Қыздың анасы ол кезде Оралда болатын әрі баласымен үнемі байланыста болып, бұл мәселені қашықтан шешуге тырысатын. Айтуынша, лоукостер әуе компаниясының қызметкерлері тек келесі күні ғана Астана – Орал рейсімен ұшыруға, ал оған дейін қонақүйге орналастыруды ұсынған. Сол сияқты мұндай жағдайда қыздың заңды өкілі немесе сенімді адамы болмаса, қонақүйге тіркелуге болмайтыны, ал қонақүйде «қауіпсіздікке ешкім кепілдік бере алмайтыны» ескерілмеген.
Нәтижесінде 12 жасар қыз бала үйіне ертеңінде жалғыз, ешкімнің қарауынсыз, басқа рейспен жіберілген.
Фото: flyarystan.com
Соңғы жаңалықтар
16.06.2026
11:39
Тоқаев Халықаралық бокс даңқы залына енген Голо...
16.06.2026
11:12
"Жақын адамымыздан айырылдық": Дана Нұржігіт қа...
16.06.2026
11:03
Түркістанда спорт шенеунігінің жаттықтырушыға қ...
16.06.2026
09:57
"Менің атым Айнұр болған": Шетелдіктер асырап а...
16.06.2026
09:18
«Соққыдан ұлым қолымнан ұшып кетті»: «Газель» қ...
16.06.2026
09:15
Қостанай облысында немересін құтқармақ болған а...