Гүлмира Сатыбалдының апелляциялық шағымы нәтиже бермеді

Гүлмира Сатыбалдының апелляциялық шағымы нәтиже бермеді
06.01.2025 18:28
0
90
видеодан скриншот

Алматы қалалық соты Гүлмира Сатыбалдының апелляциялық шағымын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қалалық соттың хабарлауынша, іс апелляциялық сотта қаралған. Онда бірінші инстанция сотының үкімі өзгеріссіз қалдырылған. Сөйтіп сот шешімі заңды күшіне енген.

Айта кетейік, бұған дейін Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жары Гүлмира Сатыбалдыға қатысты үкім шығарып, оны 12 жылға бас бостандығынан айырғанын жазған едік. Сотталушы «Бопсалау», «Өзiнше билiк ету» және «Адамды еркіндігінен заңсыз айыру» баптарымен айыпталған. Бұған қоса, сот оның мүлкін тәркілеуді үкім етті.

Сот шешімі бойынша Гүлмира Сатыбалды 12 жылға, көмекшісі Мәди Батыршаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или