Гүлзира Айдарбекова қаралы хабар жеткізді

18.05.2026 10:05 Мөлдір Қайнар
Гүлзира Айдарбекова қаралы хабар жеткізді
367
Фото: ашық дереккөз

Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жақын құрбысы Сауле Базарханның өмірден өткенін хабарлап, жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайжы Politico.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол марқұммен соңғы күндері бірге уақыт өткізіп, Ташкентке концертке барған. Кейін демалысты бірге жалғастыруды жоспарлаған. Алайда күтпеген жерден қаралы хабар жеткен.

«Екі түн мүлдем ұйықтай алмадым. “Гүлеке” деп кіріп келетіндей, қоңырау соғатындай күйде болдым. Ұшақ қонғаннан кейін қаншама пропущенный звонокты көрдім. Суық хабарды естіп, қонақтарымды тастап, қайта ұшып кеттім. Ең болмаса жер қойнына тапсырмай тұрып, көзіммен көргім келді», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Продюсер құрбысының сабырлы, көпшілікке сыйлы жан болғанын айтып, оны соңғы сапарға шығарып салуға жиналғандардың көз жасына ерік бергенін жеткізді.

«Келгендердің бәрі, ерлер де, әйелдер де егіліп жылап, тіпті сөйлей алмай қимастықтарын білдірді», – деді ол.

Войдите, чтобы оставить комментарий