Халықтың ақшалай табысы 11,8%-ға өсті
317
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтардың жан басына шаққандағы орташа табысы айына 252 619 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазады Politico.kz.
Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,8 пайызға жоғары. Алайда инфляцияны ескергенде, халық табысының нақты өсімі небәрі 0,1 пайыз деңгейінде қалған.
Еліміз бойынша ең көп табыс табатындар Алматы қаласында тұрады. Мұндағы халықтың орташа кірісі 408 182 теңгеге жеткен. Одан кейінгі орында 353 036 теңгемен Ұлытау облысы тұр.
Өткен жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстың ең үлкен өсімі Алматы облысында 19,1 пайыз және Қарағанды облысында 16,4 пайыз тіркелді.
Соңғы жаңалықтар
07.10.2026
23:07
Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды
07.10.2026
22:11
Алматыда автобуста жолаушыларды пышақпен қорқыт...
07.10.2026
21:44
Шымкентте су құбырын ауыстырмақ болған екі жұм...
07.10.2026
21:17
Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің төбесіне...
07.10.2026
20:44
Танымал актриса "Жеті қарақшы" фильмінде Дайыро...
07.10.2026
20:26
"Ренжіп кеткенім жоқ". Қыран Талапбек неге Әзер...