"Харам ба?": Нұрлан имам музыкаға қатысты пікір білдірді

07.08.2026 17:13 Мөлдір ҚАЙНАР
69
Фото: видеодан скриншот

Нұрлан имам "Қайырлы таң" бағдарламасына берген сұхбатында қазақ мәдениеті мен өнерін діннен бөлек қарастыруға болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Имамның пайымдауынша, әлем халықтарын діни сенімге сүйеніп, өз төл мәдениеті мен өнерінен ажырату қате қадам. Ол өз сөзінде Абай Құнанбайұлының мұрасын мысалға келтіріп, өнердің қазақ қоғамындағы орны ерекше екенін атап өтті.

"Музыканың жақсы үкімін, пәтуасын ұлы ойшыл данамыз, әлемге аты шыққан бабамыз Абай Құнанбайұлы берген. “Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй, әнді сүйсең, менше сүй” деген сөзі әрбір қазаққа өнердің орнын көрсетеді. Атамыздың жазған өлеңдері — бүгінгі таңға жеткен асыл мұра. Сондықтан осы дін жолында қазақты әннен, мәдениеттен, өнерден бөліп алып қарауға болмайды. Жалпы әлем халқын діни сенім догманы ортаға қойдым дей отыра, халықты өз төл мәдениетінен, өнерінен бөліп-жаруымыз дұрыс емес. Кезінде Мұхаммед с.ғ.с пайғамбарымыздың өзі Мәдинаға кіргенде халық барабан ұрып күтіп алған", – деді Нұрлан имам.

Войдите, чтобы оставить комментарий