"Иә" дедім": Динара Сәтжан тұрмыс құрды ма

09.01.2025 15:11
0
30
Instagram/dinarasatzhan

Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан бүгінде жанұясымен Таиландта демалып жатыр. БАҚ өкілі саяхаты қалай өтіп жатқанын көрсетіп, ел назарын өзіне аударды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Динара Сәтжан Пхукетке алғаш рет келгенін айтып, жергілікті табиғаттыҢ әдемілігіне тәнті болған. 

"Мұндай сұлулықты еш жерде көрген емеспін", - деген жазба қалдырды ол. 

Тележүргізуші Таиландтың әсем жерлерін аралап, демалысынан алған әсерін бөлісті. Ол Instagram-дағы парақшасында түрлі фото мен видео жариялап, көпшілікке саяхаты қалай өтіп жатқанын көрсетті. 

Динара Сәтжан жариялаған кадрлардың арасында біреуі ел назарына бірден ілікті. Онда тележүргізушінің қолына сақина тағып алғанын көруге болады. Ол фотоға "Мен "иә" дедім" деген жазба қалдырып, елді ойландырып қойды. БАҚ өкілі бұл жазбасына қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ. 

Ақпарат kaz.nur.kz сайтынан алынды

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или