Иерусалимде теракт орын алды: белгісіздер жолаушыларға оқ жаудырды
946
Иерусалимде болған террорлық актіде төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Дүйсенбі күні таңертең Израильдің Иерусалим қаласында болған атыс салдарынан төрт адам мерт болып, тағы бес адам ауыр жараланды. Бұл туралы Израильдің жедел жәрдем қызметі хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, қаза тапқандардың бірі 50 жастағы ер адам, ал қалған үшеуі 30 жас шамасындағы азаматтар. Оқ жарақатын алған бес адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ, бірнеше адамға шыны сынықтарынан алған жеңіл жарақаттарына байланысты оқиға орнында көмек көрсетілген.
«Kan» мемлекеттік телерадиокомпаниясының дерегінше, қаруланған екі адам көше қиылысында автобусқа басып кіріп, жолаушыларға оқ атқан.
Израиль полициясының хабарлауынша, шабуыл жасағандар оқиға орнында залалсыздандырылды.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
11:31
Лифтте қызға тиіскен алматылыққа сот үкімі шықты
06.10.2026
11:14
16 миллион қазақстандықтың дерегінің таралуы: м...
06.10.2026
10:54
Кореядағы жаппай төбелеске қазақстандықтардың қ...
06.10.2026
10:53
«Азаматтарға арналған үкімет» филиалы директоры...
06.10.2026
10:46
Францияда Сальвадор Дали жасаған 150 келілік қо...
06.10.2026
10:30
Қазақмыс ескі жабдықтармен қоштасып су жаңасына...