ІІМ: 590 мың қазақстандыққа рақымшылық жасалып, 22 млрд теңге айыппұл кешірілді

16.07.2026 12:50 Қарақат АСЫЛОВА
ІІМ: 590 мың қазақстандыққа рақымшылық жасалып, 22 млрд теңге айыппұл кешірілді
181
Иллюстрация/Фото: Politico.kz/Абзал Бахытжанов

Қазақстанда жаңа Конституцияның қабылдануына орай жарияланған амнистия аясында 590 мыңға жуық адам 22 млрд теңгеден асатын айыппұл төлеуден босатылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады, деп жазады Politico.kz.

Мемлекет басшысы 1 шілдеде қол қойған құжат Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы әкімшілік рақымшылық саналады. Бұл шара қоғам қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін және азаматтардың құқығына нұқсан келтірмейтін жағдайларға ғана қолданылған. Ведомство мәліметіне сүйенсек, аталған заң негізінде 1,3 млн астам әкімшілік өндіріп алу тоқтатылып, азаматтардың қарызы толықтай есептен шығарылды.

«Амнистия – бір реттік ізгілік шарасы, ол болашақта жасалатын құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатпайды. Егер азамат қайтадан құқық бұзса, заң талаптарына сәйкес толық жауапкершілікке тартылады. Құқық бұзушылық жасамау – жауапкершіліктен сақтанудың ең дұрыс жолы, ал заң мен тәртіп қағидатын сақтау – қауіпсіз әрі әділетті қоғамның басты негізі», – деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Мұрат Қабденов.

Войдите, чтобы оставить комментарий