ІІМ изолятордағы даулы видеоға қатысты мәлімдеме жасады

ІІМ изолятордағы даулы видеоға қатысты мәлімдеме жасады
19.02.2025 09:23
0
167
Алматы облысында уақытша ұстау изоляторы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысында УҰИ-да(уақытша ұстау изоляторы) түсірілген даулы видеоға байланысты Ішкі істер министрлігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Мекеме өкілдерінің айтуынша, видео түсірген – бұрынғы УҰИ қызметкері. Ол жеке ұялы телефонын пайдаланып, қызметтік тәртіпті өрескел бұзған. Бұл әрекеті үшін арнайы атағынан айырылып, қызметтен теріс себептермен босатылды.

"Оның бұл әрекеті қызметтік міндеттерді өрескел бұзу болып табылады. Осыған байланысты оған қатысты қылмыстық іс қозғалды", – деп мәлімдеді ІІМ өкілдері.

Сонымен қатар, УҰИ қызметінде орын алған тәртіпсіздікке байланысты 16 қызметкер қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Олардың қатарында басшылық құрам да бар.

"Жауапкершілікке тартылғандардың қатарында УҰИ бастығы да бар. Ол қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысындағы УҰИ-та түсірілген видео тараған болатын. Автордың айтуынша, видеода Шерзат ісі бойынша айыпталғандар қамауда отырып, туған күнін тойлап жатыр.

Қазіргі таңда құзырлы органдар бұл деректі егжей-тегжейлі тексеріп жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий