«Инфаркт алды»: Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты тың дерек жарияланды

11.02.2026 16:11 Әсел Мұрат
«Инфаркт алды»: Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты тың дерек жарияланды
333
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Сара Назарбаева

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Үкібайдың айтуынша, Сара Назарбаева 2025 жылдың сәуір айынан бастап Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Алматы қаласындағы Ұлттық госпиталінде емделген. Сол кезеңде ол ауыр миокард инфарктін алған.

«Дәрігерлер ұзақ уақытқа созылған ауыр қант диабеті мен үдемелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі аясында дамыған жүректің ишемиялық ауруын, жүрек және өкпе жеткіліксіздігін анықтады. Сара Назарбаева ұзақ уақыт бойы өкпені жасанды желдету және жасанды бүйрек аппараттарына қосылған күйде болды», - деді Айдос Үкібай.

Ол биылғы жылдың қаңтар айында Сара Назарбаеваның жағдайының тұрақтануына байланысты стационарлық емдеу кезеңі аяқталғанын айтты.

Қазіргі уақытта Сара Алпысқызы Алматы қаласында үй жағдайында дәрігерлердің бақылауында.

Айта кетейік, бұған дейін Сара Назарбаеваның ауруханадан шыққанын хабарлаған едік.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий