Сара Назарбаева 10 ай ем қабылдап, ауруханадан шықты 

09.02.2026 10:55 Әсел Мұрат
Сара Назарбаева 10 ай ем қабылдап, ауруханадан шықты 
254
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Сара Назарбаева

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева ауруханадан шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Сара Назарбаева қаңтар айында Алматыдағы президент іс басқармасының медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальдан шықты. Бұл туралы медициналық мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

Алайда клиника өкілдері науқастың диагнозы мен жағдайына қатысты ақпаратты дәрігерлік құпия екенін айтып, жария етпеді.

«Пациентка госпитальда ем қабылдап, қаңтар айында амбулаториялық емге шығарылды. Денсаулық жағдайы, диагнозы, емдеу әдістері мен нәтижелері туралы өзге ақпарат Қазақстанның «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 273-бабына сәйкес дәрігерлік құпияға жатады және жариялауға жатпайды», – делінген ресми жауапта.

Бұған дейін тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның 2025 жылы сәуір айында аталған медициналық мекемеге жатқызылғанын хабарлаған еді. Сол кезеңде бейресми дереккөздер мен БАҚ-та оның денсаулығы мен жүрген жеріне қатысты түрлі болжамдар тараған еді.

Айта кетейік, 84 жастағы Сара Назарбаева медициналық мекемеде шамамен 10 ай бойы ем қабылдаған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий