«Интернетке саламын»: Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттерімен бопсалаған
347
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттерін интернетке жариялаймын деп қорқытқан, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиғаға полиция қызметкерлері араласты. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қала тұрғыны түнгі уақытта «102» арнасына хабарласып, бұрынғы жігіті жеке суреттерін интернетке тарататынын айтып қорқытып жүргенін жеткізген.
Оқиға орнына Алмалы аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері барған. Тексеру кезінде жастар арасында жанжал болғаны анықталған.
«Мән-жайды анықтау үшін екі тарап та Алмалы аудандық Полиция басқармасына жеткізілді», – деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша полиция тиісті шара қабылдайды.
Соңғы жаңалықтар
07.10.2026
19:13
“100 тоннадан астам газ жағылған”: Атырауда тұр...
07.10.2026
18:33
Тоқаев Қорғаныс министрлігіне неге қаржыгерді ж...
07.10.2026
18:19
«Интернетке саламын»: Алматыда ер адам бұрынғы ...
07.10.2026
17:47
Тоқаев Путинді құттықтады
07.10.2026
17:25
Балаларға қол көтерген мешіт ұстазына қатысты қ...
07.10.2026
17:08
«Баламызды аман алып қалыңдаршы»: министрлік ал...