Иранда үш адам Израильге тыңшылық жасады деп дарға асылды

Иранда үш адам Израильге тыңшылық жасады деп дарға асылды
26.06.2025 15:17
0
378
Фото: iStock
Иранда Моссадқа жұмыс істегендер дарға асылуда

Иранда Израильге тыңшылық жасады деп айыпталған үш адам өлім жазасына кесілді

Иранда Израиль барлау қызметімен байланысы бар деп айыпталған үш азамат дарға асылды. Бұл туралы Reuters агенттігі Иран үкіметінің ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Иран билігінің мәліметінше, аталған азаматтар «Моссадпен» әріптестік орнатып, Ирандағы жоғары лауазымды тұлғаларға қарсы қастандық жасауға арналған құралдарды елге заңсыз жолмен жеткізуге көмектескен.

Бұған дейін BBC агенттігі осындай айыппен тағы екі адамның өлім жазасына кесілгенін хабарлаған болатын. Жалпы, Иран мен Израиль арасындағы шиеленіс күшейгелі бері соңғы екі апта ішінде «Израильмен байланысы бар» деген күдікпен 700-ден астам адам тұтқындалған.

Қарулы қақтығыс 13 маусымда Израильдің Иранның ядролық нысандарына соққы беруімен басталған. Бұл операция кезінде ядролық бағдарламамен байланысы бар делінген бірнеше ғалым қаза тапқан. Иран жауап ретінде Израиль аумағына зымыранмен соққы жасаған. Қарсылас тараптар 24 маусымда атысты тоқтату туралы келісімге келген.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолкер Түріктің мәліметінше, 2024 жылы Иранда 900-ден астам адам өлім жазасына кесілген.

Дереккөз: Азаттық Радиосы

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий