Ирандағы отандастардың жағдайы туралы жаңа мәлімет шықты
1996
Қазақстандықтарды эвакуациялау үшін шекаралар арқылы шығару ұйымдастырылуда
Ислам Республикасы Иранның әуе кеңістігінің жабылуына байланысты және азаматтық әуе қатынасының уақытша тоқтатылуы салдарынан Қазақстан азаматтары әскери қақтығыс аймағынан төрт құрлық шекарасы арқылы шығарылмақ, деп хабарлайды Politico.kz.
Аталған ақпаратқа сәйкес, қазақстандықтар Ираннан шығу үшін келесі шекаралар арқылы өтулеріне кеңес беріледі:
- Иран – Әзірбайжан
- Иран – Армения
- Иран – Түркия
- Иран – Түрікменстан
Министрлік азаматтарға қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету үшін келесі шараларды сақтау қажеттігін ескертті:
- Жаппай жиналатын орындарға және қоғамдық іс-шараларға барудан аулақ болу;
- Жергілікті билік пен ресми ақпарат көздерін үнемі бақылау;
- Міндетті емес сапарларды шектеу;
- Құжаттарды әрдайым өзімен бірге алып жүру;
- Мүмкін болатын төтенше жағдайларға дайын болу;
- Қазақстан дипломатиялық өкілдіктерімен тұрақты байланыста болу.
ҚР Тегерандағы елшілігі қазақстандықтар үшін 24 сағаттық байланыс желісін ашты:
- Елшілік дежурлық телефоны: +98 21 2256 5933
- Мобильді / WhatsApp: +98 936 208 4672
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.10.2026
20:10
Олжас Бектенов әкімдерге өңірлердің кірісін арт...
13.10.2026
19:23
Мемлекет басшысы мен Бельгия Королі мен Патшайы...
13.10.2026
18:59
Семейде 20 жастағы қызды өлтірген жігітке 14 жы...
13.10.2026
18:43
Amanat партиясы мәслихат сайлауына қатысудан ба...
13.10.2026
18:29
Елде баға мен халықтың табысы қалай өзгерді?
13.10.2026
18:13
Мәслихат сайлауы қалай өтеді: маңызды күндер бе...