Израиль мен ХАМАС арасындағы 42 күндік бейбіт келісімі күшіне енді

Израиль мен ХАМАС арасындағы 42 күндік бейбіт келісімі күшіне енді
20.01.2025 09:40
0
151
Depositphotos.com
Израиль мен ХАМАС арасында 42 күндік бітімгерлік келісімі күшіне енді

Израиль мен палестиналық ХАМАС тобы арасындағы бітімгерлік режимі 19 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 11:15-те (Астана уақытымен 14:15) күшіне енді, деп хабарлады Израиль премьер-министрінің кеңсесі, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бастапқыда бітім 9:30-да күшіне енуі тиіс еді, алайда Израиль ХАМАС-тан босатылатын тұтқындардың тізімін алғанға дейін келісімді кейінге шегерді. ХАМАС бұл кешігуді "техникалық себептермен" түсіндірді.

Бұл келісімге Катар, Египет және АҚШ-тың араағайындығымен қол жеткізілді. Бітім 42 күнге жоспарланған және тараптар 15 айға созылған қақтығысты түбегейлі тоқтатуды мақсат етіп отыр. Қақтығыс кезінде 46 мың палестиналық және шамамен 1500 израильдік қаза тапты.

Келісімнің бірінші кезеңі:

  • Израиль 33 израильдік тұтқынды босату үшін шамамен мың палестиналық тұтқынды айырбастайды.
  • Израиль әскерлері Газа секторы шекарасына шегінеді, бірақ аймақта қала береді.
  • Гуманитарлық көмек көлемі тәулігіне 600 жүк көлігіне дейін артады, оның ішінде 50-і жанармаймен.
  • Палестиналықтарға 200 мың шатыр және 60 мың мобильді үй беріледі.

16-күні тараптар келісімнің екінші кезеңін талқылауға кірісуі тиіс. Бұл кезеңде қалған тұтқындарды босату, толыққанды бітімге қол жеткізу және израильдік әскерлерді толық шығару мәселелері талқыланатын болады. Үшінші кезеңде Газа секторын қалпына келтіру, оның блокадасын жою және тараптар арасындағы қалдық мәселелерді шешу көзделуде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или