Кәмшат Жолдыбаеваның күйеуі желіде шу тудырды

Кәмшат Жолдыбаеваның күйеуі желіде шу тудырды
25.04.2025 15:20
0
64
Фото: Видеодан скрин

Қазақстандық актер Ғазрет Қажмұқанұлы TikTok желісінде тағы да назарға ілікті. Бұл жолы ол бейтаныс арумен бірге тікелей эфирге шығып, желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Эфир кезінде ару Ғазреттен: «Сізбен эфирге шыққанымда үйленгелі жатырмын дегенсіз. Әлде мен шатастырып тұрмын ба? Үйленгенсіз бе?» деп сұраған. Актер бұл сұраққа жауап беріп, жеке өмірі туралы ешқандай ақпарат бермейтінін атап өтті.

Ғазреттің бұл әрекетіне желі қолданушылары әртүрлі пікір білдірді. Көпшілігі оның эфирдегі әрекетін сынға алып, түрлі көзқарастарын білдірді.

«Қашан қарасаң да эфирде қыздармен отырады», «Неге осылар жанып тұрған қыздарды алып үйге отырғызып қояды», «Кәмшат Балжан сияқты тайып тұрмасын», «От болып тұрған қызды алды да өшіріп тастады», «Кәмшатпен ажырасып кетпеген бе?» деп жазды олар.

Ғазрет Қажмұқанұлының жеке өміріне қатысты пікірлер желіде әлі де қызу талқылануда. Себебі ол танымал әнші Кәмшат Жолдыбаеваның күйеуі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий