Кәрім Мәсімов қазір қайда?

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов қайда?Бұл сұраққа Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторы жауап берді, деп хабарлайды politico.kz Nege.Aqsa телеграм арнасына сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, бір жыл бұрын қаңтар айындағы оқиғалардың ізімен 18 жылға сотталған Мәсімов жаңа қылмыстық істердің қатысушысы болды. Бұл жолғы іс қылмыстық кірістерді заңдастыру және аса ірі көлемдегі пара алу туралы болып отыр. Біз бұл іс аясында елордалық Қараөткел шағын ауданында орналасқан және олигарх Кеңес Ракишевке жеке меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне арест қойылғанын анықтадық.
Бұл туралы «Astana Reality Group« ЖШС-нің кәсіпкерге деген талабын қарау кезінде белгілі болды. Компания көп пәтерлі тұрғын үй кешенін салу үшін жер учаскесін сатып алып, учаскелері көршілес орналасқан Ракишевтің өз жерлеріне ғимараттар, құрылыстар салып, ағаштар отырғызғанын анықтады. Олар кәсіпкерді учаскелерді босатуға мәжбүрлеу үшін сотқа барды. Алайда, Есіл аудандық соты, одан кейін қалалық сот бас тартты: олар бұл учаскінің тағдыры әлі шешілген жоқ дейді. Тілшілер ҰҚК-ден тергеудің қай сатысында тұрғанын, ықтимал қатысушылардың анықталғанын және Ракишевтің учаскесі Мәсімов ісімен қалай байланысты екенін анықтай алмады. Жауап былай: «ҰҚК Мәсімовке қатысты қылмыстық кодекстің аталған баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Қазіргі уақытта ол Астана ҰҚК тергеу изоляторында қамауда отыр». Басқа мәліметтер жария етілмейтіні айтылды.
Соңғы жаңалықтар





