Киевте өткен саммитте Украинаға қаржылай және әскери көмек уәде етілді

Киевте өткен «Украинаны қолдаймыз» саммитінде Еуропа елдері мен әлемдік лидерлер Украинаға қолдау білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Украина президенті Владимир Зеленский Киевке келген 13 мемлекеттің басшысын қарсы алды. 20-дан астам ел басшылары саммитке онлайн қатысты. Ол әлем елдерінің Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын мәлімдеді.
Саммит АҚШ президенті Дональд Трамптың жаңа дипломатиялық бастамалары аясында өтті. Вашингтон мен Мәскеудің Сауд Арабиясындағы келіссөздерінен кейін Украина мен Еуроодақ өзіне тиімсіз келісім қабылдануы мүмкін деп алаңдаулы.
Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер онлайн форматта сөз сөйлеп, «Соғысты бастаған – Ресей» деп мәлімдеді.
Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Украинаға 3,5 миллиард доллар көлемінде жаңа көмек бөлінетінін және әскери құрал-жабдықтар мен оқ-дәрі жеткізуді жеделдететінін айтты.
Испания премьер-министрі Педро Санчес Украинаға 1 миллиард долларлық әскери көмек бөлетінін мәлімдеді.
Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Киевке жаңа әскери күштер жіберетінін және Ресейдің бұғатталған активтерін Украинаға беретінін хабарлады.
24 ақпанда Ресейдің Украинаға басып кіргеніне үш жыл толды. Мәскеу бұл соғысты «денацификация» және «демилитаризация» деп атағанымен, бұл тұжырымдар халықаралық қауымдастық тарапынан негізсіз деп танылды.
Ақпарат Азаттық Радиосы сайтынан алынған.
Соңғы жаңалықтар





