"Кім көрінген сахнаға шығып, ән айтатын болған": Ботамия атымен танымал блогер сахнада ән айтып, қызу талқыға түсті

02.12.2025 10:30 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
0
558
Фото: видеодан скриншот. Суретте: Ақбота Нұрахын

Желіде Ботамия есімімен танымал блогер Ақбота Нұрахын жаңа жылдық тележоба аясында ұлттық телеарнада ән шырқаған сәті қызу талқыға түсті. Видеоны көрген жұртшылық оның өнеріне екіге бөлінді, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Көпшілік әлеуметтік желіде «ұлттық арнада кәсіби әншілер ғана өнер көрсетуі керек» деп пікір қалдырып, блогердің бұл бағдарламаға шақырылуын құптамады.Олардың айтуынша, соңғы уақытта түрлі жоба мен бағдарламаларда мамандық иесі емес адамдардың сахнаға жиі шығуы «кәсібиліктің құнсыздануына» алып келіп жатыр.

«Кім көрінгенді ала береді», «Барлығы әнші болып кеткен», «Блогерлердің енді ән айтуға не қатысы бар?»,– деген сын пікірлер көптеп жазылған.

Сонымен қатар, кейбір қолданушылар Бота Мияға қолдау білдіріп, әр адамның шығармашылыққа талпынуға құқығы бар екенін де атап өтті. Алайда негатив пікір басым түскен.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий