"Киноға мән-мағына іздеп баратын адамдарды түсіне алмаймын": Ақерке Арыс сыншыларға үндеу жасады
509
Танымал блогер, актрисалық қырымен көзге түсіп жүрген Ақерке Арыс киносыншыларына үндеу жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Ол кинотеатрға мән-мағына іздеп барудың еш қисыны жоқ екенін ашып айтты.
«Кинотеатрға мән-мағына іздеп баратын адамдарды түсіне алмадым. Киноға бардың ба, бардың. Ұнамады ма, ұнамады, болды. Осыған дейін шыққан «Сұр түстің 50 реңкі» сияқты киноға не мән-мағына іздеп бардыңдар. «365» деген кинода қандай мағына бар? Сол маған қызық болып тұр. Оны жарыса жазасыңдар», - дейді блогер.
Ол сөзін жалғай отырып, сын айтатын қауымға қатысты өз ойын былайша жеткізді:
«Ал мынау сынайтқыштарға айтарым, су ішкен құдықтарыңа өте қатты түкіреді екенсіңдер. Аздап болса да адамгершілік деген болуы керек қой. Бетке айтамын деп бетке айтпайды, оның астарында көреалмаушылық болады», - дейді Ақерке Арыс.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...