"Кішісі - екі жаста": БҚО-да бір үйдің бес баласы газдан уланып қалды

19.12.2025 13:30 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
181
Фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысында бірнеше баланың улану фактісі тіркелді. Бұл туралы облыстық балалар ауруханасының директоры Сержан Есенкөбеков «Мой город» сайтына берген мәліметінде айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға 18 желтоқсан күні болған. Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға жеткізілген балалардың ең үлкені 13 жаста, ал ең кішісі екі жаста. Қазіргі таңда олардың жағдайы орташа, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Сонымен қатар, балалардың анасы да қалалық ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды. Алайда оқиғаның нақты мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.

Балалардың улануы туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде тарады. Кейбір дереккөздер олардың газдан уланған болуы мүмкін екенін алға тартуда.

Бұл мәліметті Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі де растады. Ведомствоның хабарлауынша, улану туралы қоңырау 112 жедел жәрдем қызметіне түскен.

Ал Батыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, балалар қазір медициналық бақылауда, дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Осы жағдайға байланысты полиция департаменті әзірге ресми түсініктеме берген жоқ. Балалардың нақты неден уланғаны әлі белгісіз, қазір қосымша тексеру жұмыстары жүргізілуде.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий