Көбі ерлер: Қазақстандықтардың суицидті қандай себеппен жасайтыны белгілі болды

Көбі ерлер: Қазақстандықтардың суицидті қандай себеппен жасайтыны белгілі болды
11.02.2025 14:10
0
95
ашық дереккөз

Биыл қаңтар айында 234 қазақстандық суицид жасаған. Өңірлер бойынша ең көп суицид жасағандар Алматы облысында тіркелді. Сарапшылар адамдардың суицид жасауына ажырасу, туыстарымен келіспеушілік, ата-анасымен жанжал және жақын адамдарынан айырылу себеп болатынын айтты.

 

Статитистикаға сенсек, қаңтар айының өзінде 234 қазақстандық суицид жасаған. Былтырғы жылмен салыстырған 3 адамға (немесе 1,3%-ға) аз. Көп жағдайда өзіне қол жұмсағандар есін білетін күйде болған (177 адам), сирек – алкогольдік масаң күйде (50 адам), тағы 7 адам психикалық сырқаттың әсерінде болған.

Тіркелген суицидтердің едәуір бөлігін – 82,1%-ын – ер адамдар жасаған: 192 адам. Қиын өмірлік жағдайлар көбінесе ересек ер адамдар үшін қайғылы жағдайға әкеледі: 2025 жылдың қаңтарында суицид жасағандардың ең көбі 35-44 жас (47 адам), 45-54 жас (38 адам) және 55-64 жас (29 адам) аралығында болған. Бұл санаттар барлық суицид жасаған ер адамдардың шамамен 60%-ына тең.

Бұдан бөлек өткен айда 42 әйел өз-өзіне қол жұмсады – бұл өткен жылмен салыстырғанда аз (51 адам). Мұндай қайғылы оқиғалар көбінесе 18-24 және 45-54 жас аралығындағы әйелдер арасында (әр топта 8 адамнан) және 35-44 жас аралығындағы әйелдер арасында (7 адам) болған.

Айта кетейік, суицид жасағандардың 5,6%-ын кәмелетке толмағандар толтырды – 13 адам. Олардың басым бөлігі – 11 адам толық отбасында өскен.

Өңірлер бойынша ең көп суицид жасағандар Алматы облысында тіркелді: 24 адам, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Жоғары көрсеткіштер Түркістан (23 адам) және Ақтөбе (20 адам) облыстарында да байқалды. Қазақстандықтар өз-өзіне қол жұмсауды ең сирек таңдаған өңірлер – Ұлытау және Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы.

Өткен айда суицидтік мінез-құлыққа негізгі себеп болған ауыр материалдық жағдай 26 адамның өліміне әкелді. Былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп. Қатты жалғыздық сезімі 14 адамның өмірін қиды, ал қолайсыз тұрғын үй жағдайлары 8 адамның суицид жасауына себеп болды. Қарым-қатынастың үзілуі, оның ішінде ажырасулар – 7 адамның, ауыр соматикалық аурулар – 5 адамның, туыстарымен келіспеушілік – 4 адамның, жұбайымен жанжал – 2 адамның, ата-анасымен жанжал – 1 адамның өліміне себеп болған. Сонымен қатар жақын адамдарынан айырылу және жасаған қателіктері үшін жазаланудан қорқу секілді факторлар 1 адамнан суицид жасауға итермелеген.

Мұнда тек белгілі себептері анықталған жағдайлар ғана. Ал 234 адамның 170-інің суицид жасауына не түрткі болғаны белгісіз. Қазақстанда өз-өзіне қол жұмсаудың ең жиі қолданылатын әдісі – асылу. 2025 жылдың қаңтарында осы әдіспен 188 адам суицид жасаған. Былтырға қарағанда 2,7%-ға көп.

Бұған қоса, қазақстандықтар суицид жасау үшін улану (11 адам), өткір және кесетін заттарды қолдану (11 адам), биіктіктен секіру (9 адам) және атыс қаруын пайдалану (5 адам) сияқты тәсілдерді таңдаған.

Қайғылы оқиғалар болған жерлер бойынша ең көп жағдай тұрғын үйлерде болған. Мұнда 143 адам өз-өзіне қол жұмсаған. Көшеде 15 адам, жұмыс орнында – 3 адам, жертөледе – 2 адам, медициналық мекемеде – 1 адам қайтыс болған. Тағы 70 адам өз-өзіне қол жұмсауды басқа жерлерде жасаған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий