Көкшетауда басқа ел азаматы 14 жастағы қызды зорлаған

07.05.2025 • 17:02 Admin
Көкшетауда басқа ел азаматы 14 жастағы қызды зорлаған
1092
Фото: freepik.com

Көкшетауда кәмелет жасына толмаған қызды зорлаған ер адамның үсиінен қылмыстық іс қозғалды, сондай-ақ күдікті ұсталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК 122-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды және ұсталды. Тергеу іс - шараларының кешені жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Облыс ПД мәліметтері бойынша тергеу басшылықтың ерекше бақылауында.

Бұған дейін желіде Көкшетауда полиция 14 жасар қызға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық фактісін зерттеп жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Іс бойынша күдіктіде бұрын Қазақстан азаматтығы болған. Ал қазіргі уақытта басқа елдің азаматы екен. Ол Ақмола облысына туыстарына қонаққа келген. 

 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий