Көкшетауда интимдік қызмет көрсетілген орындар әшкереленді
Ақмола облысының полиция қызметкерлері Көкшетау қаласында интимдік қызмет көрсетілген бірнеше притонның қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Politico.kz.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, притон ұйымдастыру және ұстау, сондай-ақ жеңгетайлық жасау факілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Жедел-іздестіру шаралары барысында облыс орталығының екі тұрғыны ұсталды.
Тінту кезінде күдіктілерден 1 миллион 857 мың теңге көлеміндегі ақша, ұялы телефондар және тергеу үшін маңызды өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Сонымен қатар, полицейлер интимдік қызмет көрсеткен азаматтардың да жеке басын анықтаған.
Қазіргі уақытта аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланған жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
13:43
«Баспалдақтан құлаған»: Күтушінің қарауында бол...
30.10.2026
12:47
«Маған қарыз болғанын қаламаймын»: Тәуекел Мүсі...
30.10.2026
12:25
Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызм...
30.10.2026
11:54
Азамат Қапенов Мәсімовтің қызымен қалай танысқа...
30.10.2026
11:38
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» басшысы болып та...
30.10.2026
11:28
Ерлан Қарин қырғыз әншісін орденмен марапаттады