Көлік жедел жәрдем көлігіне соғылып, екі фельдшер қыз қаза тапты

Көлік жедел жәрдем көлігіне соғылып, екі фельдшер қыз қаза тапты
08.02.2025 16:17
0
1185
Коллаж politico.kz

Белгородта BMW X7 толық жылдамдықпен жедел жәрдем көлігіне соғылып, екі фельдшер қыз қаза тапты. Жол талғамайтын көлікті ММА жаттықтырушысы тізгіндеген, ол бағдаршамның қызыл түсіне 100 км/сағ жылдамдықтан жоғары жылдамдықпен кіріп кеткен.

Апат Слава даңғылы мен Попов көшесінің қиылысында болған. Қатты соққыдан «Газель» маркалы жедел жәрдем көлігі тротуарға ұшып кетіп, ғимарат қабырғасына соғылған. 

Жол апаты салдарынан екі фельдшер – 38 жастағы Ольга Любимова мен 45 жастағы Марина Паровышник қаза тапты. Ольганың артында қызы, ал Маринаның екі ұлы қалды.

BMW X7 рөлінде 31 жастағы Рамазан Гаджимурадов отырған. Ол Мурманск облысында балаларды ММА-ға жаттықтыратын маман екен. Жол-көлік оқиғасы кезінде ол жарақат алған. Рамазан қиылысқа бағдаршамның қызыл түсіне шығып, аса жоғары жылдамдықпен жүрген.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий