Композитор қазақстандық гимнасттарды музыканы рұқсатсыз қолданды деп айыптады

Композитор қазақстандық гимнасттарды музыканы рұқсатсыз қолданды деп айыптады
25.08.2025 15:34
0
436
Сурет: Бауыржан Ақтай мен Меруерт Балғынбаева Instagram парақшасынан

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТКЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ДАУҒА ҚАЛДЫ: КОМПОЗИТОР БАУЫРЖАН АҚТАЙ КОМАНДАНЫ «АЛАШ АМАНАТЫ» ТУЫНДЫСЫН РҰҚСАТСЫЗ ПАЙДАЛАНДЫ ДЕП АЙЫПТАДЫ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ POLITICO.KZ.

Оқиға Рио-де-Жанейрода 20-24 тамыз аралығында өткен көркем гимнастикадан 2025 жылғы әлем чемпионатынан кейін өрбіді. Аталған жарыста Қазақстан ұлттық құрамасы атыраулық "Sarmad" этно-ансамблінің «Алаш аманаты» композициясымен өнер көрсетіп, 13-орынға ие болған еді.

Алайда, спорттық жетістіктен кейін көп ұзамай авторлық құқыққа қатысты мәселе туындады. Туынды авторы, композитор Бауыржан Ақтай ұлттық құраманың жаттықтырушысы Меруерт Балғынбаеваға жазып, өзінің бұл музыканы пайдалануға ешқашан рұқсат бермегенін жеткізді. Композитор өзінің туындысының заңсыз қолданылғанына наразылығын білдірді.

Жаттықтырушы Меруерт Балғынбаеваның түсіндіруінше, оның мақсаты – қазақ музыкасын әлемдік аренада таныту, бүкіл әлемге естірту болған. Бірақ композитор мұндай уәжбен келіспей, бұл жаттықтырушының жеке шешімі екенін, автордың рұқсаты болмағанын алға тартты. Ол рұқсатпен пайдалануға болатын басқа да туындылар көп екенін, алайда өзінің бұл шығармасын биге арнап жазбағанын ескертті.

Нәтижесінде ұлттық құраманың жаттықтырушысы мұндай жағдаймен бірінші рет бетпе-бет келіп отырғанын мойындап, музыканы міндетті түрде өзгертетінін айтты. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий