Конституция еліміздің алдағы онжылдықтардағы даму бағдарын айқындайды — Олжас Бектенов

01.07.2026 09:31 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Конституция еліміздің алдағы онжылдықтардағы даму бағдарын айқындайды — Олжас Бектенов
77
Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаңа Конституцияны сапалы жүзеге асыру шаралары талқыланды, деп хабарлайды Politico.kz.

Жиын барысында Үкімет басшысы барлық мемлекеттік және қоғамдық институттарды түбегейлі жаңғырту басталғанын ескертіп, Ата заңның ел тарихындағы маңызына арнайы тоқталды.

'Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Бұл – еліміздің алдағы онжылдықтардағы даму бағдарын айқындайтын негізгі құжат. Ата заңның қабылдануы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан елімізді жаңғыртудың жаңа кезеңін азаматтарымыздың жаппай қолдайтынын анық көрсетті. Жаңа Конституция экономикалық көрсеткіштермен ғана өлшенбейтін озық әрі қарқынды дамудың берік институционалдық негізін қалыптастырады. Президент жаһандық өзгерістердің көшін қуып жетумен ғана шектелмей, жаңа экономикалық ахуалды қалыптастыратын белсенді қатысушыға айналуымыз керек екенін атап өтуде. Жүргізіліп жатқан реформалардың барлығы дәл осы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Ал, олардың түп негізінде жаңа Конституциямыз тұр", — деді Премьер-министр.

Мемлекет басшысының Ата заңның күшіне енуіне орай жасаған үндеуінен кейін қолға алынған бұл ауқымды шаралар тұтастай қоғам игілігі мен қауіпсіздігін көздейді.

"Жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің барлығы қоғамдағы тұрақтылықты одан әрі сақтау, азаматтардың әл-ауқатын лайықты деңгейде қамтамасыз ету, «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту, сондай-ақ қазақстандықтардың озық ойлы әрі жоғары интеллектуалды буынын қалыптастыруға бағытталған", — деді Олжас Бектенов.

Войдите, чтобы оставить комментарий