Конституцияға енгізген кей өзгерістерді халықтың бір бөлігі байқамай да қалған – Бәпи
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи «Qasqa Jol» YouTube арнасына берген сұхбатында Конституцияға енгізілген өзгерістер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бәпидің айтуынша, Конституцияға бұған дейін де бірнеше рет өзгеріс енгізілген, бірақ қоғамда қызығушылық енді ғана ояна бастаған.
«Осы соңғы кезеңдегі елдегі өзгерістер туралы айтар болсақ, жалпы мемлекет өмірінде түрлі дәуірлерді көрдік. Бірінші президенттің 30 жылдық кезеңі болды. Ал қазіргі Президенттің сайланған уақытына шамамен 7 жылдай болды десек, соның соңғы 4 жылын ерекше атап өтуге болады. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына дейінгі кезең бір бөлек, ал Қаңтардан кейінгі кезең – мүлде басқа саяси кезең ретінде бағаланады. Бұған дейін Қазақстан Конституциясы 5 рет өзгертілді. Сол кезде тізеге салып отырып, Елбасы институты да енгізілді. Алайда бұл өзгерістер қоғамда айтарлықтай наразылық тудырған жоқ, ешкім қарсы пікір айтқан жоқ. Тіпті, кейбір өзгерістерді халықтың бір бөлігі байқамай да қалған. Себебі олардың барлығы Парламент арқылы қабылданды. Елде болып жатқан өзгерістердің нәтижесінде құндылықтарды бағалай білуіміз керек», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар