Көпжылдық соғыс аяқталды: Трамп Әлиев пен Пашинянның басын қоспақ

Дональд Трамп Әзербайжан мен Арменияның ертең Ақ үйде тарихи бейбітшілік келісіміне қол қоятынын растады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Трамп бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Ол Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинянды тарихи бейбітшілік кездесуінде қарсы алуды асыға күтетінін жеткізді.
Трамп бұл жетістікті өзімен байланыстырды.
«Бұл екі ел көптеген жылдар бойы соғыс жағдайында болды, мыңдаған адам қаза тапты. Көптеген көшбасшылар бұл соғысты тоқтатуға тырысты, бірақ осы уақытқа дейін сәтсіз болды. Ал енді бұл ТРАМПТЫҢ арқасында мүмкін болды», – деп жазды ол.
Оның айтуынша, бүігн Президент Әлиев пен премьер-министр Пашинян Ақ үйде бейбітшілік келісіміне ресми түрде қол қояды. Сонымен қатар, Трамп Америка Құрама Штаттарының Оңтүстік Кавказ аймағының әлеуетін толық ашу мақсатында екі елмен де экономикалық мүмкіндіктерді бірлесіп дамыту туралы екіжақты келісімдерге қол қоятынын хабарлады.
Ол Әлиев пен Пашинянды өздерінің ұлы халқы үшін дұрыс қадам жасап отырған батыл көшбасшылар деп атап, бұл күнді Армения, Әзербайжан, АҚШ және бүкіл әлем үшін тарихи күн болатынын айтты.
Соңғы жаңалықтар





