Көшеден тамақтанған отбасы уланып, анасы мен екі баласы көз жұмды
1383
Стамбұлдың танымал туристік аудандарының бірінде отбасы көше тамағынан уланып, анасы мен екі баласы қайтыс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Алынған мәліметтерге сәйкес, әкенің жағдайы өте ауыр. Ол жергілікті аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған.
Отбасы Германияда тұрады және демалысқа Стамбулға келген. Алдын ала болжам бойынша, олар Ортакёй ауданындағы жағалауда орналасқан кафелердің бірінде тамақ ішкен соң уланған.
Көп ұзамай төрт адам да қатты уланған белгілерін сезінген. Дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, анасы мен екі баласының өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Стамбул прокуратурасы оқиға бойынша тергеуді бастап кетті. Отбасы тамақтанған қоғамдық тамақтану орындарынан қажетті сынамалар алынды. Сол жерде кезекшілік етіп, жұмысқа жауапты болған төрт қызметкер ұсталды. Сарапшылар нақты өлім себебін анықтау үшін талдау жұмыстарын жалғастыруда.
Соңғы жаңалықтар
22.08.2026
17:14
Алматыдағы MEGA-да өрт шықты: Адамдарды эва...
22.08.2026
16:21
Мүгедек балаларға жиналған ақшаны ұрлаған ер ад...
22.08.2026
15:27
«Келінді керіліп тұрып жұмсайық»: Тойдағы әжейд...
22.08.2026
14:18
«Жалғыз қызым еді»: Абай облысында қаза тапқан ...
22.08.2026
13:49
Бектенов үкіметінің батыл шешімдері өз жемісін ...
22.08.2026
13:22
Алакөлде жоғалып кеткен 44 жастағы ер адамның д...