Кремль АҚШ-пен қарым-қатынасты Украинадан жоғары қойып отыр

Ресей билігі Украинадағы соғысқа қатысты келіссөздерді АҚШ-пен қарым-қатынастарды жақсартудың құралы ретінде пайдалануды көздеп отыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
The New York Times басылымының хабарлауынша, Владимир Путин Украинадағы әскери операцияларды жалғастыра отырып, АҚШ президенті Дональд Трамппен қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі. Ресейлік сарапшылар Кремльдің АҚШ-пен екіжақты келісімдерге ұмтылып отырғанын ашық мәлімдеген.
«Путин үшін Украина мәселесі екінші орында. Оған АҚШ-пен қарым-қатынас маңыздырақ», – деді Ресей Мемлекеттік Думасы халықаралық істер жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Вячеслав Никонов Нью-Делидегі қауіпсіздік конференциясында.
Путиннің Трампқа деген ықыласы тек саяси емес, экономикалық мүдделерге де байланысты болып шықты. Ресей тарапы Трамп әкімшілігімен келісімге келіп, Boeing ұшақтарының қосалқы бөлшектерін алуды, тікелей әуе рейстерін қалпына келтіруді және америкалық әуе компанияларына Сібір үстінен ұшу рұқсатын қайтаруды қалайды.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі Александр Дынкиннің айтуынша, Путин АҚШ-ты Ресейдің «достық емес елдер» тізімінен шығаруы мүмкін. Бұл америкалық компаниялардың Ресейде еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Кремль Украина бойынша кең ауқымды талаптарынан бас тартпақ емес. Мәскеу Украинаның НАТО-ға кірмеуін, Шығыс Еуропадағы НАТО күштерінің қысқаруын және Украинаның қарулы күштеріне шектеу қоюды талап етіп отыр.
Ресейдің стратегиясы бойынша, алдымен АҚШ-пен қарым-қатынас жақсарып, содан кейін ғана Украина мәселесі толық шешілмек. Осы мақсатта Путин Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффқа өзінің тапсырысымен дайындалған «керемет портретін» сыйға тартқан.
Соңғы жаңалықтар





