«Күн сайын ем аламыз»: Толқын Тұрарбекқызы ерекше қызы Кәусар туралы айтты
Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы тұңғыш қызы Кәусардың қазіргі жағдайымен бөлісіп, желіде жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесінің жары күн сайынғы кептеліс пен аптап ыстыққа қарамай, қызының сауығып кетуі үшін емге барып жүргенін жеткізді. Мұның оңайға соқпайтынын айтқан ол оқырмандарын шүкір етуге шақырды.
"Қызым жүруді армандайды. Жүріп жүрген қанша адам өміріне шағым айтады. Менің ұстағым ғой Кәусарым... Шүкір етуіме мың себеп іздеуге себепкер болған батыр қызым. Көзің көріп, құлағың естіп, аяқ-қолың істеп тұрса, онда қалған нәрсені ретке келтіруге болады. Мәселе қиындықта емес, соған деген көзқараста", – деп жазды Толқын Тұрарбекқызы.
Сонымен қатар ол ем қабылдау процесінің астарында үлкен еңбек пен сабыр жатқанын атап өтті.
"3,5 айлық Мариямым бар. Түнімен ұйқымның бөлінетіні бар. Кәусарымның денесі ауырып жылайтыны бар. Кептелістер мен ыстық бөлек әңгіме. Оңай емес", – деді ол.
Соңғы жаңалықтар