Күйеуі атпен сүйреп өлтірді делінген Айзат Жұманованың мәйітіне эксгумация жасалды

25.11.2025 16:19 Мөлдір Талғат
Күйеуі атпен сүйреп өлтірді делінген Айзат Жұманованың мәйітіне эксгумация жасалды
0
1155
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Айзат пен күйеуі

Жетісу облысында күйеуі атпен сүйреп өлтірді деп айыпталған 32 жастағы Айзат Жұманованың ісі бойынша сот процесі 27 қарашада басталатыны хабарланды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Қайғылы оқиға 2025 жылдың шілдесінде Баласаз ауылында болған. Марқұмның туысы Раушан Дәуренбекованың айтуынша, істің нақты мән-жайын анықтау үшін Айзат Жұманованың мәйітіне эксгумация жасалып, қайта жүргізілген сараптама күдіктіге тағылған айыптың ауырлауына негіз болған. Алғашында бұл іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі — денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру бойынша тергелген еді, алайда туыстары алғашқы сараптама нәтижесіне күмән келтіріп, қайта тексеруді талап еткен. Олар:

"Мәйітке эксгумация жасауды сұрадық. Талдықорғандағы сараптамаға көңіліміз толмады. Алматыға апарып қайта тексерттік. 58 күндік сараптама нәтижесінде іс 'аса қатыгездікпен кісі өлтіру' бабына (ҚК 99-бап, 3-бөлік) ауыстырылды", – деп мәлімдеді.

Марқұмның жақындары істің әділ қаралуын күтетінін айтып отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий