Күйеуі мен енесінен оңбай таяқ жеген 23 жастағы әйел адам ауруханада көз жұмды
Өзбекстанның Аққорған ауданында күйеуі мен енесі ұрып-соққан 23 жастағы жас әйел қайтыс болды.
Azattyq Ryhy сайтының мәліметінше, жәбірленуші ауыр соққыдан кейін комаға түскен. Кейіннен оның күйеуі процессуалдық тәртіпте қамауға алынған.
Ташкент облыстық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, әйел ауруханада медициналық көмекке қарамастан көз жұмды.
«Жәбірленушінің күйеуіне қатысты қозғалған қылмыстық іс Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 126-бабы 1-бөлігі 8-тармағының «г» пункті бойынша қайта сараланды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.
Бұл оқиға Өзбекстан қоғамында үлкен резонанс туғызды. Құқық қорғау органдарының тергеу нәтижелері алдағы уақытта жарияланады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
17:20
Ақтөбе облысында жұмыс кезінде күйік алған темі...
24.10.2026
16:15
Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш ә...
24.10.2026
15:28
Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда ...
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...
24.10.2026
14:11
Атырау тергеу изоляторында жаппай наразылық бол...
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды