"Лайықты әрі жарасымды": Қыдырәлі Болманов орденмен марапатталды
Белгілі қоғам қайраткері, продюсер әрі әнші Қыдырәлі Болманов мемлекеттік орденмен марапатталды, деп хабарлайды Politico.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жайлы әнші әлеуметтік желіде жазба жариялады.
«Бүгін Бауыржан Момышұлы атындағы “Намыс” орденімен марапатталдық. Құрметті көрермен, бірінші Алла , 2-ші сіздердің тілек-дұғаларыңыздың арқасы ғой… Алла разы болсын қазақ елі», - деп жазды продюсер Болманов.
Сонымен қатар, "Ұлытау" тобының мүшелері төсбелгімен марапатталды. Әншінің өнердегі де өмірдегі де жұбы Қарақат Әбілдина ерекше құттықтау тілегін жазды.
"Ар-намысын бәрінен жоғары қоя білген асыл азаматыма басқа емес, "Намыс" орденінің берілгені лайықты әрі жарасымды. Қуаныштымыз! Тілектеріңізге мың алғыс. Ұлытау тобы, сендер біз үшін өнерлеріңмен де, адамгершіліктеріңмен де биіктесіңдер. 27 жыл сахнада жүргенде алған алғашқы төсбелгілерің құтты болсын!", - деді Қарақат Әбілдина.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.11.2026
09:16
Семейде медицина қызметкерін қорлаған ер адам ұ...
13.11.2026
23:12
“Қоңырау шалып, қорқытқан”: Алматыда әйелді ұза...
13.11.2026
21:24
Павлодарда 20 қытайлық заңсыз жұмыс істеп жүрге...
13.11.2026
20:50
Ірі шенеуніктер ұсталған соң Тоқаев ҰҚК басшысы...
13.11.2026
20:32
«Бірнеше айдан бері ұрады»: Астанада балабақша ...
13.11.2026
20:21
Ұлытау облысы Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ...