LRT-ға арнайы полиция құрылады: Жаңа басқарма немен айналысады?

01.10.2026 • 18:25 Қарақат АСЫЛОВА
LRT-ға арнайы полиция құрылады: Жаңа басқарма немен айналысады?
230
Ашық дереккөз

Қазақстанда LRT нысандарындағы қауіпсіздық пен қоғамдық тәртіпке жауап беретін арнайы полиция бөлімшесі құрылады, деп хабарлайды Politico.kz.

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Құжатқа сәйкес, Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің құрамынан «LRT нысандарындағы көліктегі полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесі ашылады.

Жаңа бөлімшенің қызметкерлері LRT нысандарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты болады.

Басқарманы қаржыландыру республикалық бюджеттен, Ішкі істер министрлігіне қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Үкімет қаулысы 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий