Ұлытау облысында Әйтеновтер отбасы дауыс берді
Облыс орталығы — Жезқазған қаласында Республикалық «Мерейлі отбасы» жобасының қатысушылары Әйтеновтер жанұясы отбасымен келіп өз дауыстарын берді. Олар елімізде өткен бірде-бір сайлаудан тыс қалған емес.
Естеріңізге салайық, Республикалық «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының Ұлытау облысынан қатысушылары Әйтеновтер отбасы — металлургтер династиясы. Тау-кен саласындағы әулеттің жалпы еңбек өтілі 442 жылға жетеді.
9 баласы, 36 немересі, 70 шөбересі, 3 шөпшегі бар шаңырақ, шын мәнінде, елге үлгі-өнеге.
Ұлытау облысында дауыс беру белсенді жүруде. Бүгінгі сайлауға облыс тұрғындарының көбісі ұлттық киімде келуде.
Ұлытау облысында Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы жүруде.
Азаматтар 19 наурызда сағат 20:00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.
Өңірде барлығы 134 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.11.2026
21:14
Балқашта екі қызды зорлап, бопсалаған: күдіктіл...
18.11.2026
18:10
«Самұрық-Қазынаға» жаңа басшы тағайындалады: Бе...
18.11.2026
17:32
Үкімет «Самұрық-Қазына» қорына қатысты мәлімдем...
18.11.2026
17:22
Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан қыздың қабі...
18.11.2026
17:09
«Қайраттың» 14 футболшысы еңбек сіңірген спорт ...
18.11.2026
17:07
"Ерлі-зайыптылар бірін-бірі өмір бойы сүйіп өту...