«Мәә» дейсің»: Елді аузына қаратқан журналист Жанат Бақыт бала босанды

«Мәә» дейсің»: Елді аузына қаратқан журналист Жанат Бақыт бала босанды
27.05.2025 15:04
0
382
Фото: stagram.com/zhanat_bakyt

Қазақстандық танымал тележүргізуші Жанат Бақыт әлеуметтік желідегі оқырмандарынан сүйінші сұрады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Журналист 41 жасында Құдайдың құдыретімен сәбилі болғанын жарияға жар салды.

«Пенде жоспар құрады, бірақ Құдайдың жоспары басқа болуы мүмкін. Қазақтың «Құдай қаласа» деп сөйлейтіні де осыдан шығар. 41 жасқа келгенде сіздерден «сәбилі болдым» деп сүйінші сұраймын деп ойлаппын ба? Әрине, жоқ. Жоспарымда да болмаған. Құдай қалап тұр ма, бітті екен (қалай сақтансаң да), кез келген сақтығыңның быт-шытын шығарып, шарана ішіңде 3-4 ай болғанша назарыңды басқаға аударып, білдірмей қояды. Одан кейін «толып бара жатқандаймын» деп айнаға қарайсың да, сосын барып біліп «мәәә» дейсің», - деп жазды Жанат Бақыт.

Бұл – тележүргізушінің төртінші баласы.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий